Демалыс күндері және дүйсенбіде еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықты басады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ғана күн ашық болады, оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы жоғарылайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары.
Бұған дейін маусымда республиканың көп бөлігінде орташа айлық температура нормадан 1-2 градус жоғары, ал солтүстік өңірлерде норма шамасында болатыны хабарланған еді. Жауын-шашын бұл айда елдің көп бөлігінде норма шамасында, ал оңтүстік-батыста нормадан аз түседі.