Биыл қайтыс болғандардың 61,4%-і немесе 19,2 мың адам — қала тұрғыны, 38,6%-і немесе 12 мың адам — ауыл тұрғыны. Өлім-жітім ерлер арасында көп: 16,8 мың ер адам, 14,4 мың әйел адам қайтыс болған.

Өлім-жітім

Өңірлерден Шығыс Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны көп: 3,3 мың адам, бірақ көрсеткіш былтырға қарағанда 11,1% азайған (2019 жылдың алғашқы 3 айында бұл облыста 3,7 мың адам қайтыс болған).

Өлім-жітім көрсеткіші бойынша бұдан кейінгі орындарда Алматы, Қарағанды облыстары тұр. Алматы облысында биылғы қаңтар-наурызда 3,2 мың адам, Қарағанды облысында 3,1 мың адам қайтыс болды. Қайтыс болғандар саны елдің 17 өңірінің 13-інде азайып отыр. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент пен Нұр-Сұлтанда 0,2-3,4% аралығында көбейген.

Өлім-жітім

Қазақстан азаматтары өлімінің төрттен біріне жуығына (23,7%) немесе 7,4 мың адамның өліміне қанайналым жүйесі аурулары себеп болған. Оның ішінде көбі гипертониядан, жүректің ишемия ауруынан және ми тамырларының зақымдануынан көз жұмған.

Қайтыс болғандардың 11,7%-інің өліміне (3,7 мың жағдай) ісік түрлері себеп болған, оның ішінде көбі — қатерлі ісік.

Өлім-жітімнің тағы 11,7%-і тынысалу органдары ауруларынан болған. Оның ішінде 1000-нан астам жағдай — тұмау, жедел респиратор ауру, өкпенің қабынуы.

Жазатайым оқиғалардан, аяқасты жарақат салдарынан және уланып қайтыс болғандардың үлесі — 7,7% немесе 2,4 мың адам.

Өлім-жітім