Қашықтан оқытуды ұйымдастыру ережесі елімізде бірінші рет 2006 жылы заңдастырылды, бірақ ол университет немесе колледжден кейін білім алушыларға арналады. Қазақстан университеттерінде қашықтан білім алу колледжден кейін немесе тағы бір жоғары білім алғысы келетіндермен бірге университеттен шалғайда тұратындарға, жұмыс істеп жүріп оқығысы келетіндерге, басқа елден білім алғысы келетіндерге, жүктілігіне немесе мүгедектігіне байланысты үйде отырғандарға қолайлы.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 71 университет қашықтан білім береді. Оның ақысы әдеттегі оқыту форматына қарағанда басқаша.

Цифрландыру кезінде ол көпшілік үшін тиімді болып тұр: бағасы әдеттегі форматтан төмен, білім беру бағдарламасында күндізгіден айырма жоқ, күн сайын университетке барып жүрмейсіз.

Бакалавриаттың күндізгі бөлімінің курсы орташа есеппен 825 000 теңге тұрады. Қашықтан білім алудың бір курсы студентке 378 400 теңге болады, — дейді Freedom Finance Life басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Қазақстан жоғары оқу орындарының ашық дереккөзінен алынған мәлімет бойынша бакалавриаттың бір курсының орташа құны (теңгемен):

Университет Күндізгі бөлім Қашықтан оқыту
1 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 980 000 403 620 — 550 800
2 Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті 847 000 370 000
3 Алматы менеджмент университеті (AlmaU) 950 000 350 000
4 Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 635 800 320 000 — 384 000
5 Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) 968 000 230 000 — 350 000

Қашықтан білім алу курсы бағдарламаларының ұзақтығы — 2-3 жыл. Бүгінде интернет-маркетинг, PR, программалау, дизайн, құқықтану, психология, бухгалтерия ісі және банк ісі мамандықтары бойынша қашықтан білім алуға сұраныс жоғары.

Freedom Finance Life мамандары қашықтан білім алуға қаражат жинаудың бірнеше әдісін ұсынды:

  • қолма-қол ақшаны жинау;
  • білім алу депозиті — мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі бойынша баланың атына ашылған шотқа жай процентпен бірге мемлекеттік сыйақы қоса есептеледі, қазіргі кезде Қазақстанда 20 мыңнан астам білім беру депозиті бар;
  • құнды қағаз, ол банк депозитіне қарағанда көп табыс әкелуі мүмкін, бірақ акционерлер қаржы нарығындағы өзгерісті дер кезінде байқап отырмаса, ұтылып қалады;
  • өмірді сақтандыру жинағы, бұл бағдарлама 5-10 жылға арналады, ол ата-анаға балаларының болашағына алдын ала жағдай жасауға, әсіресе жоғары оқу орнына түсуге қаражат жинауға мүмкіндік береді. Ол үшін оқу орнын таңдап, сақтандырушымен шарт жасасып, сақтандыру жарнасын тұрақты төлеу керек және жоғары оқу орнына түсу үшін бірнеше жыл ішінде қаражат жинау керек.

Қаржыгерлер келешекте мектеп түлектеріне де қашықтан жоғары білім алуға мүмкіндік беріліп жатса, оқушы баласы бар ата-ана қазірден қаражат жинауға қамдануы керек деп есептейді.