Ақтөбе және Қарағанды облыстарында оқ-дәрі қоймасы салынады

Биыл Ақтөбе және Қарағанды облыстарының елсіз аудандарында оқ-дәрі сақтайтын қазіргі заманғы екі нысанның құрылысы басталады. Олар басқа қоймаларға сақталатын жүкті азайтады және елдегі қарапайым тұрғындарға мейлінше қауіпсіз болады, — деді Бақыт Құрманбаев журналистермен кездесуде.

Вице-министрдің мәліметінше, нысандар Қарулы Күштер бекіткен жаңа талаптарға сай салынады. Зымыран мен оқ-дәрі арсеналдарын, базалары мен қоймаларын жобалау нормалары бойынша бекітілген ережелер жинағында елді мекендер маңына қазіргі заманғы қоршау салу, өрттен сақтау үшін оқ-дәрі қоймасы аумағындағы ғимараттар мен басқа да құрылыстар арасын алшақтату сияқты талаптар бар.

Былтыр маусымда Арыстағы оқ-дәрі қоймасында бірнеше жарылыс болғанын айта кетейік. Оқиғадан үш адам қаза тапты: біреуі — қарапайым тұрғын, екеуі — әскери қызметші. 200-ге жуық адам зардап шекті, арасында балалар да бар. Жарылыс кезінде Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, қаланы қайтадан тұрғызуға тура келді.