Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент құқық қорғау ведомстволарының жұмысы мен заңнамалардың сақталуын қадағалау туралы есепті тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев заңдылықты күшейтуде, елімізде тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап, басыла қоймаған коронавирус пандемиясы кезінде олардың денсаулығын сақтауға жағдай жасауда күш құрылымдары үлкен роль атқаратынын айтты. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан саяси реформалар барысында заңнама нормаларының өзгеруін жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру қажет.
Айта кетейік, Президент бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан еді.