Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қалада кеше 49 адамнан, бір апта ішінде 334 адамнан коронавирус анықталған, қалада бүгінге дейін барлығы 2 790 адам вирус жұқтырғаны белгілі болып отыр. Оның 10-ы қайтыс болды.
Соған байланысты санитария-эпидемиология жағдайының нашарлауына жол бермеуге жауапты қаланың бас санитар дәрігері ретінде кейінгі кезде әлеуметтік желілерде тараған көпшілікке арналған шаралар мен митингілерге шақыруға жол берілмейтінін айтқым келеді, — деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Алматыда көпшілікке арналған шараларға тыйым салу туралы қаулы қабылдаған еді. Бүгін ол адам көп жиналатын алаңдар мен көшелердегі барлық орынды дезинфекциялауды күшейтуді тапсырды.
Менің талаптарым мен шешімдерім әр азамат денсаулығын ойлағандықтан және қаладағы санитария-эпидемиология жағдайын жақсарту үшін жазылған, — деді бас санитар дәрігері.
Жандарбек Бекшин тұрғындарды карантин режимін сақтауға және адам көп жиналатын орындарға бармауға үндеді.