«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейетін жел соғады, дауыл тұрады.
Алматы облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облысында да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, дауыл тұрады, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Өңірде 40 градус ыстық болады.
Маңғыстау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады, 38 градус ыстық болады.
Атырау облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, 35 градус ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысында да жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді.
Қостанай облысында жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. 1 градус үсік болады.
Қарағанды облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, топырақ бетін 1-3 градус үсік басады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі, екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғады, топырақ бетін 1-3 градус үсік басады.
Ақмола облысында да топырақ бетін 1-3 градус үсік басады.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өрт қаупі күшейеді.