Биыл шай мен кофенің 98%-і Алматы мен Алматы облысындағы кәсіпорындар өндірді. Бірінші тоқсанда өндіріспен бірге ішкі сауда да, импорт та азайды. Ішкі нарықтың 72,4%-і импортқа тиесілі, былтыр көрсеткіш 71,3% болған.

ШайШай

Қаңтар-сәуірде елімізге 7,6 мың тонна шай келген. Жалпы құны — 26,6 миллион доллар. Қазақстанға шай негізінен Үндістан, Кения мен Ресейден келеді.

Шай

Energyprom.kz зерттеушілері Otyrar.kz мәліметін негізге алып, ел нарығын импорт шаймен бірге контрафакт өнім де жаулап жатқанын айтып отыр. Еліміздің оңтүстігіндегі кеденде Өзбекстаннан декларацияланбай келетін жүздеген келі шай жиі тұтылады.

Қазақстанда қара байха шайының бір келісінің орташа бағасы мамырда 3 207 теңге болған. Баға былтырғы осы кезеңге қарағанда 7,6% жоғары. Республика бойынша шайдың ең төменгі бағасы Ақтөбеде тіркелді.

Шай бағасы