Биылғы қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда шай мен кофе былтырғы 10 айға қарағанда 7,1% қымбаттады. Кофе бағасы 4,4%, шай бағасы бірден 10% өсті.

Energyprom.kz мамандарының мәліметінше, өткен қазан айында қара байха шайының келісі орташа есеппен 3 063,3 теңге тұрды, бұл былтырғы қазанға қарағанда 6,8% қымбат. Республика бойынша шай бағасы жоғары өңірлер — Алматы, Қарағанды мен Қостанай.

Шай мен кофе

Биылғы 10 айда Қазақстанда 12,8 мың тонна шай мен кофе өндірілген, былтыр бұл көрсеткіш 14,3 мың тонна болды. Өндірістің негізгі көлемі Алматыға тиесілі, бірақ өндіріс былтырға қарағанда 9,4% азайып, 11,3 мың тонна болды, 2018 жылдың 10 айында Алматыда 12,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген еді.

Отандық өндірушілер ішкі нарық сұранысының 27,3%-ін ғана өтей алып отыр, нарықтың төрттен үшіне жуығы импорттаушыларға тәуелді. Қазақстанға негізінен Кения, Үндістан мен Ресей шай жеткізеді.

Шай мен кофе