Басты бетЖаңалықтарЕртегі кейіпкерлері...

Ертегі кейіпкерлері мүгедектігі бар балалардың үйіне барды

Акцияның көздегені — мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау. Олардың күн сайынғы бейнеті коронавирус пандемиясы кезінде одан әрі көбейген еді.

Үйіңізге ертегі кейіпкері соңғы рет қашан келіп еді? Жаңа жылда келген шығар. Бұл дәстүрді өзгерту біздің қолымызда. Сондықтан біз ертегілердің айтулы әрі ғажайып кейіпкерлері, сыйлықтары, шарлары бар ерекше экипажды дайындадық, ол мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 30 отбасыға барып, көтеріңкі көңіл-күй мен позитив таратады. Басты ойымыз — әр бала ғажайыпқа сенуі керек, — дейді ITeachMe орталығының директоры Захира Бегалиева.

Көңілді экипаж 5 жастағы Руслан, 11 жастағы Шухрат, 12 жастағы Рафаиль деген балалардың үйіне барды.

"Сен жалғыз емессің" шарасы
Фото: Qolda жобасы

Рафаиль сурет салғанды, бірнәрсені құрастырғанды жақсы көреді. Музыкалық аспаптарға да жаны жақын. Бәрінен де сүйікті ісі — кеңес мультфильмдері мен комедияларды көріп, дискісін жинау. Бөренеден салынған үйде тұрғанды, үш храм тұрғызуды, Патша қоңырау ескерткішін жөндеуді армандайды.

"Сен жалғыз емессің" шарасы
«Сен жалғыз емессің» шарасы. Фото: Qolda жобасы

Руслан сөйлемейді, айналасында болып жатқанның барлығын түсіне бермейді, жүзумен, иппотерапиямен айналысады. 2 жылдың ішінде жүзуді меңгеріп алды, жақсы нәтижеге жетті. Анасы кітап оқып бергенін жақсы көреді.

Бәріміз қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатырмыз және әр адам үшін оқшаулану кезеңі ерік-жігердің сынағына айналды. Ал мүгедекті бар адамдар үнемі оқшау жағдайда өмір сүреді. Себебі олар үшін бала кезден қоғамның тең құқылы мүшесі болу оңай емес. Тұрғын үйлердің кіреберісі, баспалдақтар, басқыштар мен жиектастар жүріп-тұруға кедергі болады. Сондай сынақтарға қарамастан балалар пәк жанымен ертегіге, ғажайыпқа және мейірімді адамдарға сенеді, — дейді Шухрат Юсуповтың анасы Альмира Юсупова.

ITeachMe дамыту орталығы Qolda жедел көмек жобасы аясында мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар бала бағып отырған аналарға, жетім-жесірге, жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы шаңырақтарға гуманитарлық, психологиялық және консультациялық көмек беріп жатыр.

Бұл — азаматтық қоғам бастамаларының тұрақты дамуы мен үш сектор: үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар және бизнес құрылымдардың жемісті еңбегінің жарқын мысалы, — дейді орталық мамандары.