Орталық Азияның Еуразия қоры пандемия кезінде мүгедектігі бар азаматтар өзін қорғауы үшін мына нәрселерді ескеруі керек деп есептейді:

  • Карантинде мүгедектігі бар адамдарға арналған мүмкіндіктер мен кеңестерді біліп жүрген дұрыс. Мысалы, халықтың бұл әлеуметтік тобына арналған ресми видеолориктерді көруге болады;
  • Мүгедектігі бар адамның үйінде сырғыма баспалдақ, лифт болса, пәтер иелері кооперативіне оларды дезинфекциялау керек екенін айту қажет;
  • Ойды сергітіп, негатив контенттерді оқымаған жөн. Комедия жанрындағы фильмдер мен YouTube платформасын тамашалауға, тіпті TikTok видеохостингіне кіріп, видео түсіруге болады. Қазір дүниежүзіндегі мүгедектігі бар адамдар осы желіні қолданып, өзін басқа қырынан көрсетіп жүр;
  • Төтенше жағдай кезінде мүгедектігі бар адамдарға психологиялық көмек қажет болуы мүмкін. Ол үшін Covid-19.mentalcenter.kz сайтына кіріп, онлайн кеңес сұрауға болады;
  • Пандемия кезінде біраз білім беру ресурсы материалдарын тегін ұсынды. Онлайн оқу үшін Coursera, Arzamas.academy, Stepik платформаларын пайдалануға болады;
  • Жаттығу жасауды ұмытпау керек. Спортпен онлайн айналысуға да болады. Интернеттен ыңғайлы жаттығуды таңдап, оны күнде жасаған дұрыс.

Қор отбасыларға және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін адамдарға да бірер кеңес дайындаған. Оны төмендегі суреттерден көруге болады: