Қай өңірдің медицина жұмысшылары ең аз жалақы алады?

Ranking.kz мамандарының мәліметінше, елде жалпы орташа айлық жалақы бір жылда 18,9% өскен, қазір ол — 200,3 мың теңге. Жалақының сатып алу қабілетін есептегендегі нақты өсім — 12,2%.

Секторда денсаулық сақтау саласы жұмысшыларының өзінің орташа айлық жалақысы — 156 мың теңге (өсім — 31,7%, инфляцияны есептегендегі нақты өсім — 24,2%). Оның ішінде аурухана жұмысшылары орташа есеппен 159 мың теңге жалақы алады (35,4%/27,7%), стоматология және дәрігерлік тәжірибе мамандарының орташа жалақысы — 149,46 мың теңге (27,9%/20,7%), азаматтар денсаулығын қорғау жөніндегі басқа да қызмет түрлерімен айналысатындар айына 153,6 мың теңге жалақы алады (22,3%/15,4%).

Әлеуметтік қызмет көрсету саласының үй-жаймен қамтылған жұмысшылары орташа есеппен айына 109,25 мың теңге алады (31,7%/24,2%). Үй-жай берілмеген қызметкерлердің орташа жалақысы — 106,96 мың теңге (27,6%/20,4%).

Қазақстан өңірлерінен денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша жоғары жалақы Нұр-Сұлтанда (208,1 мың теңге, +24,8%), Алматыда (167,2 мың теңге, +23,5%) және Атырау облысында (157,85 мың теңге, +25,9%).

Саладағы ең төменгі жалақы Түркістан облысында — 134,8 мың теңге.

Жалақы