Абай атындағы театр «Абайға тағзым» онлайн концертіне шақырады

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 31 мамырда көрермен назарына "Абайға тағзым" концертінің видео нұсқасын ұсынады.

Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Абай атындағы опера және балет театры көктем айларына ауқымды бағдарлама дайындаған еді. Олардың қатарында халықаралық «Абай әлемі» фестивалі, халықаралық «Әнді сүйсең, менше сүй» опера вокалистерінің байқауы, байқаудың қазылар алқасы мен қонақтарының концерті және мастер-кластар болды. Оған қоса, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы елдерінің жетекші солистерінің қатысуымен Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсын қою жоспарланды.

Пандемияға байланысты жоспар өзгеріп, «Абайға тағзым» концертінің видео нұсқасын жасауға шешім шығарылды. Концертте опера өнері майталмандары Абай әндері мен оның өлеңіне жазылған әндерді шырқайды, — деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Көрермен концертті 31 мамырда сағат 17.00-де театрдың YouTube-тегі Abay Theatre ресми каналынан тамашалай алады. Онда көп композиция оркестрге ыңғайланған нұсқамен алғаш рет орындалғалы отыр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Кәдірбек Құныпияұлы: Сайлау біз күткен деңгейде болды

19 наурызда өткен ҚР мәжілісті және мәслихаттарға депутаттарды сайлау біз күткен деңгейде болды деп есептеймін. Өзіміз куә болған сайлау учаскелеріндегі атмосфера осыған көзімізді жеткізді.

Александр Братенков: Алматылық бақылаушылар сайлауда кәсіби дайындығын көрсетті

Алматылық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссиялары сайлау күні кәсіби дайындығын көрсетті. Бұл туралы бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков айтты.

Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді.

Жаңа автомобиль зауытына «Астана Моторс» жоғары технология жабдығын сатып алады

«Астана Моторс» Алматының Индустрия аймағында қытайлық Chery, Haval және Changan авто алпауыттарының автомобильдерін өндіруге арналған толық циклді мультибрендті зауыт салуға кірісті.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының желідегі парақшасы хабарлады.

Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды.