Азаматтар коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде білім беру сайттарын тегін пайдалана алады. Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мен Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов осы мақсатта “Қазақтелеком” АҚ, “Транстелеком” АҚ, “Кар-Тел” ЖШС, “Кселл” АҚ, “Мобайл Телеком-Сервис” ЖШС, Astel АҚ сияқты байланыс операторларының басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жақын арада аталған байланыс операторлары колледждер мен жоғары оқу орындарына қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын білім беру ресурстарына тегін кіруге мүмкіндік беретін тариф жоспарларын әзірлейді, қазіргі қолданыстағы талаптар өзгертіледі, бұл сайттарды пайдаланған кезде абоненттердің интернет-трафигі (мегабайттары) өзгермейді.

Карантин жағдайында оқушылар мен студенттерге онлайн білім алуға мүмкіндік беретін ресурстар тізімін бұған дейін жариялағанбыз. Бұл тізім кейін тағы ұлғайтылады.

Білім беру ресурстарына кіру үшін пайдаланушының шотында баланс болуы керек. Бұл туралы ақпарат байланыс операторларының сайтында да орналастырылады.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде тегін пайдалануға болатын білім беру порталдары:

  1. АИС SOVA.WS – http://sova.ws
  2. SMART community – http://smartedu.kz
  3. SMARTNATION – http://snation.kz
  4. College.Snation – http://college.snation.kz
  5. BilimLand – https://bilimland.kz/ru
  6. “Білімал” – http://college.bilimal.kz
  7. Paragraph Bilim – http://base.blm.kz
  8. Kundelik.kz – https://portal.kundelik.kz
  9. Platonus – http://platonus.kz
  10. BilimAl.kz – https://www.bilimal.kz
  11. DALES – http://college.ektu.kz
  12. Mektep.edu.kz – https://mektep.edu.kz
  13. I-mektep.kz – https://i-mektep.kz
  14. Daryn.Online – https://daryn.online
  15. CollegeSmart Nation – https://college.snation.kz
  16. “Сириус” – http://somniumllp.com/project-sirius
  17. “Универ” – https://univer.kstu.kz
  18. “Деканат” – https://www.mmis.ru
  19. ПМУ ақпарат жүйесі – http://psu.kz
  20. “Электронный ректорат” – http://nkzu.kz
  21. EUniver – http://euniver.vkgu.kz
  22. ШҚТМУ ақпарат жүйесі – https://www.ektu.kz
  23. ХАТУ- https://www.iitu.kz
  24. Uninet – http://uninet.kz