Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Америкалықтар Трамптың жеңісін қалай қабылдады? (Фото)

Наразылық шерулерінің көбі бейбіт түрде өтті.
Нью-Йорктағы шеру

Нью-Йоркте 20 мыңнан астам адам президент сайлауында Дональ Трамптың жеңіске жетуіне наразалық білдіріп, шеруге шықты.

Қарсылық Окландта, Санта Барбара университетінде, Дэвис қалашығында, Чикаго, Нью-Йорк, Сиэттл, Остин мен Фениксте де болды.

Олар «Менің президентім емес», «Көше — біздікі!» «Трамп — Америка емес», «Қатыгездік жеңді!» деп ұрандатты.

Шеруге шығушылардың басым бөлігі — студенттер, діни белсенділер мен келімсектер.

Орлеанд штатындағы наразылық білдірушілер болса,  дүкен сөрелеріне тас атып, көліктер мен қоқыс жәшіктерін өртеді.

Нью-Йорк полициясы шеруге шығушыларға көзді жасаурататын газ қолданып, 65 адамды тұтқындады. Ал, Сиэттлде 5 адамға оқ тисе, Орлеандта 2 полиция жарақаттанды.

Ал, Трамптың жақтастары Таймс-скверде жиналды.

Америкадағы индуистердің құқықтық-ұлттық қоғамы Трамптың жеңісін қуана қабылдады. Олар республикашылдардың жеңісі — «әлемді ислам террорынан құтқарады» деп сенеді.

Вашингтон республикашылдары жеңісін тойлап жатыр.

Нью-Йорктағы «Жалаңаш ковбой» Трампты жеңісімен құттықтап, ән салды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version