Бірінші кезекте бұл құжатта партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% мөлшеріндегі квотаны енгізуге қатысты болып отыр. Екіншіден, саяси партияларды құру үшін мүше санын екі есе азайту ескерілген. Егер бұл көрсеткіш 40 мыңға тең болса, енді қабылданған заң бойынша талап айтарлықтай өзгерді. Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 20 мың мүшесі болса, жеткілікті. Әрине, бұл қадам елімізде саяси партияларды құруды жеңілдетеді. Мемлекет басшысы Қоғамдық сенім ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында осы жөнінде бірқатар ұсыныс жасағанын білесіздер. Сондықтан осыны уақыт талабы деп бағалаған жөн, — деді Дания Еспаева.
Депутат саяси партияларға қатысты жаңа заңнама әйелдер мен жастардың мемлекеттік талқылауларға белсенді қатысуына мүмкіндік беретінін айтты.
Бұл дер кезінде қабылданған заң деп ойлаймын. Жалпы, бізде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға қауқарлы әйелдер де, жастар да аз емес. Алдағы уақытта олардың жемісті жұмысын көреміз. Меніңше, қазіргі жастар креатив әрі батыл. Сондықтан біз олардың пікіріне назар аударғанымыз жөн, бұдан Парламент пен мәслихаттар ұтады, — деді Дания Еспаева.
Қаcым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» және басқа да бірнеше заңға қол қойғаны бұған дейін хабарланған еді.
2019 жылғы 20 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің екінші отырысында саяси жүйені реформалауға бағытталған бірнеше ұсыныс айтқан еді. Соның бірі — партияның сайлау тізімдеріне әйелдер мен жастар үшін міндетті 30% квотаны қарастыру және саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мың адамнан 20 мыңға дейін төмендету.