Оның орнына көлік жүргізушісі тек жеке куәлігін көрсетсе, жеткілікті. Қалған ақпаратты полиция қызметкері планшеттен көреді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жүргізушілер бірнеше құжатты алып жүрмейтіндей норма енгізгіміз келеді. Тек жеке куәлігіне қарап, қандай көлігі бар екенін, сақтандыру полисі қашан бітетінін, техникалық бақылаудан қашан өткенін және айыппұлының бар-жоғын біле аламыз. Азаматтарға бірнеше құжатты тасудың қажеті жоқ, — деді ол.
Сонымен қатар министр полицейлердің планшеті көшедегі видеокамераға біріктірілетінін айтты.
Байқасаңыздар, қазір нөмірсіз жүрген көлік жоқ. Себебі ондай көлікті көрген камера кезекшіге бірден хабар береді. Кезекші барып, автомобильді тоқтатады. Сонымен қатар сол нөмірді жауып тұратын торлар да алынды. ІІМ базасында нөмірі жоқ көліктің түсі қандай екеніне дейін көрсетілген. Егер нөмірі жоқ автомобиль базадағы мәліметке сәйкес келмесе, кезекшіге екінші белгі келеді. Біз автомобильді айдап кету ісін барынша жеңілдеттік, — деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, мұндай жүйе тек Еуропа елдерінде бар.
Мұндай жүйемен жүргізушілер тек Қазақстан аумағында жүре алады. Шетелге шықса, құжаттарын алып жүруіне тура келеді, — деді ол.