2020 жылдың экономика өсуін қалпына келтірудің кешенді жоспарының жобасы енгізіліп жатыр. Оған салық жеңілдіктері, несие беруді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, отандық өндірісті, кәсіпкерлерді қолдау және жұмыспен қамту шаралары кіреді, — деді министр Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, халықаралық ұйымдардың жаңа болжамы бойынша 2020 жылы әлем экономикасы 4%, әлем бойынша сауда көрсеткіші 32% төмендейді. Жыл басынан бері мұнай 50%, металл орта есеппен 16% арзандаған.
Әлем экономикасында, сауда мен инвестициялар ағымында одан әрі құлдырау қаупі бар. Жаһан және аймақтық жеткізу тізбегі бұзылды, сұраныс азайып жатыр, — деді Ұлттық экономика министрі.
Руслан Дәленовтың айтуынша, бүгінде микро, шағын және орта бизнес салаларындағылар салықтан және әлеуметтік төлемдерден босатылады немесе бұларды кейін төлеуіне болады.
Бұл — тамақтану, агрокәсіп, сауда орталықтары, қонақүй, туризм, IT-компаниялары және басқа да қызметтер. Шағын және орта бизнес иелеріне жеңілдетілген несие беру құралдары кеңейтілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 миллиард теңге және Ұлттық банк арқылы жаңа 600 миллиард теңге құйылып, несиелеу 1 триллионға артты, — деді министр.
Оған қоса, «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары салаларды қамтуды кеңейтті. Қорытынды баға — 6%.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» атты жаңа жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға, қайта құруға және жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнес қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін негізгі қарызды 90 күнге және несие бойынша сыйақы төлеуді кейінге қалдыра алады. Төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен несиелер бойынша сыйақы алынып тасталды. Отандық тауар өндірушілер үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдетілді, — деді министр.