Журналист, тележүргізуші, «Жетісу» телекомпаниясының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек қайтыс болды. Бұл туралы 7-su.kz хабарлады.
Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысында туған. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастады. «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде жұмыс істеді.
2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. Одан кейін «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалған еді.