ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлауынша, қазір су басқан елді мекендерден су сорылып, шығарылды. Жағдай тұрақтанды. Үйін тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындар ауылына қайтып жатыр.
Қазіргі уақытта Леңгір қаласында авариялық-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар қыметкерлері суды сорып шығарып, арықтарды, көшелерді тазалап жатыр, — делінген хабарламада.
Су басқан ауылдарда жағдайды тұрақтандыру үшін төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 52 адам, 27 мотопомпа және 15 техника, жергілікті атқарушы органдар құрамынан 241 адам мен 33 техника жұмылдырылды.
Бұған дейін қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысында бірнеше ауылды су басқаны туралы хабарланған еді. Бұл оқиға 13 мамырда сағат 17.00-ден асқанда басталған. Салдарынан үйлердің ауласын су басып, бірнеше көпірді су шайып кетті, тұрғындар эвакуацияланды.