Республиканың барлық аймағына жаңбыр жауып өтеді. Кей жерде нөсер қатты болады. Найзағай ойнап, жел күшейеді. Тұман басып, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде облыстың кей аймағында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел күшейеді. Екпінді жел жылдамдығы — секундына 23 метр.
Алматы, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде екпіні секундында 15-22 метрге дейін жететін жел соғады, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей аймағында түнде тұман түсіп, екпіні секундында 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерде жел күшейеді. Жел екпіні секундына 15-23 метр болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерінде дауыл тұрып, тұман түсуі ықтимал. Облыстың көп бөлігінде екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде апатты өрт қаупі болуы ықтимал.