«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойызға билетті 15 мамырдан бастап сатып ала алады.
Вокзалдардың жұмыс уақыты мен карантин режимі кезінде жолаушылардың пойызда жүру тәртібі тағы хабарланады, — деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» компаниясы баспасөз қызметі.
Пойыздар халық сұранысы мен өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға қарай кезең-кезеңімен жолға шығады. 1 маусымнан бастап 54 пойыз жүре бастайды, олардың тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.