1 мамырда
Ұлыбританияның комедия жанрындағы “Талпыныс” (Не с первой попытки/Trying) атты сериалы шықты. Туынды балалы болғысы келетін жұп туралы. Режиссеры – Джим О Хенлон.
2 мамырда
Американың “Бетти” (Betty) деген сериалы жарық көрді. Комедия жанрындағы сериалды режиссер Кристал Мозелл түсірді. Сонымен қатар мамырда режиссер Джеффри Блитц түсірген “Жүктеу” (Загрузка/Upload), Райан Мерфи мен Иэн Бреннанның “Голливуд” (Hollywood) сериалы шықты. “Жүктеу” фантастика жанрында болса, “Голливуд” – тарихи драма.
4 мамырда
Брайан Коппельман, Дэвид Левиен және Эндрю Росс Соркиннің “Миллиардтар” (Миллиарды/Billions) сериалының фанаттары үшін жағымды жаңалық. Драманың бесінші маусымы басталды.

8 мамырда
“Беймәлім аймақ” (Слепая зона/Blindspot) атты криминал драманың бесінші маусымы жарық көрді. Режиссеры – Мартин Джеро. 8 мамырда Испанияның “Валерия” (Valeria) атты драма жанрындағы сериалы да шықты. “Валерияны” Инма Торренте мен Нели Регера түсірді.
9 мамырда
Мамырдың басында комедия жанрындағы сериалдар көп шығып жатыр. Солардың бірі – Кэт Койро, Гита Патель мен Эми Йорк Рубиннің “Мен үшін өлі” (Мертв для меня/Dead to Me) комедиясының екінші маусымы. Бұл күні фантастика жанрындағы “Күннің қарсы беті” (Солнечные противоположности/Solar Opposites) анимациялық сериалы мен “Эдди” (Водоворот/The Eddy) мюзиклы да жарық көрді. “Эддиді” режиссер Дэмьен Шазелл Парижде түсірді. Ол – 2017 жылы төрт “Оскар” жүлдесін алған “Ла-ла-ленд” мюзиклының да режиссеры.
12 мамырда
Режиссер Сюзанна Бирдің “Шегініс” (Отыграть назад/The Undoing) драмасында өмірде жетістікке жеткен әйелдің оқиғасы баяндалады. Басты рольді Николь Кидман ойнайды. Сонымен қатар бұл күні “Бұның рас екенін білемін” (Я знаю, что это правда/I Know This Much Is True) сериалы жарық көрді. Режиссеры – Дерек Сиенфрэнс.
13 мамырда
“Үшінші күн” (Третий день/The Third Day) деп аталатын драма жанрындағы туынды көрерменге ұсынылады. Сериалды Америка мен Ұлыбритания түсірді.
15 мамырда
Драма, детектив, мистика. Испания мен Ұлыбритания бірігіп, “Ақ сызықтар” (Белые линии/White Lines) деген сериал түсірді. Режиссерлары – Ник Хэмм, Луис Прието, Эшли Уэй. Ресейдің “Ұлы” (Великая/The Great) тарихи драмасы да 15 мамырда шығады. Сериалды Игорь Зайцев түсірді.

18 мамырда
“Кайфтаун” (Hightown) қылмыстық драмасын үш бірдей режиссер түсірді: Игл Эгилссон, Рэйчел Моррисон және Дэйв Родригес. Джош Фридменнің постапокалиптика жанрындағы “Қар бұзған” (Сквозь снег/Snowpiercer) сериалының премьерасы да 18 мамырда.
20 мамырда
Драма, фантастика, фэнтези, боевик – Американың “Старгерл” (Stargirl) сериалында бәрі бар. Көрермен сериалды 20 мамырдан бастап тамашалай алады.
21 мамырда
Фантастика жанрындағы “Жүздік” (Сотня/The 100) сериалының авторлары көрерменге туындының жетінші маусымын ұсынады. Олардың айтуынша, сериал осы маусыммен аяқталады.
23 мамырда
“Үйге оралу” (Возвращение домой/Homecoming) сериалының екінші маусымы жарық көреді. Режиссеры – Сэм Эсмейл. Туынды Америка сарбаздарының қоғамға бейімделуі туралы.

26 мамырда
National Geographic “Кемеңгер” (Гений/Genius) тарихи драмасының үшінші маусымын америкалық әнші Арета Франклинге арнайды. Режиссеры – Биллер Кеннет.
28 мамырда
“Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері” (Агенты Щ.И.Т./Agents of S.H.I.E.L.D.) – драма, фантастика, боевик. Бұл – сериалдың соңғы, жетінше маусымы. 28 мамырда мелодрама жанрындағы “Жеке өмір” (Личная жизнь/Love Life) атты сериал да көрерменге ұсынылады.
30 мамырда
“Орталық парк” (Центральный парк/Central Park) – Американың анимациялық фильмі. Мамырдың соңында “Ғарыш әскері” (Космические войска/Space Force) сериалы да шығады.