Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев:...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ботаника бағы — жастық шағын Алматыда өткізгендер үшін танымал жер

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Бас ботаника бағының қайта жөндеу жұмысы барысымен танысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматының экология жағдайы туралы баяндама жасады.

Сонымен бірге «Верный капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов Алматы дендрариясын қайта жөндеу жобасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорының бірлескен жұмыстарын жоғары бағалады. Оның айтуынша, ботаника бағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұрынғыдай негізгі демалыс орындарының біріне айналуы қажет.

Ботаника бағы — алматылықтар мен қазақстандықтар үшін, әсіресе осында туып өсіп, жастық шағын өткізгендер үшін танымал жер. Алматы тұрғындарын осы аумақты сақтауға, оған өз үйіндей қарауға үндеймін, — деді Мемлекет басшысы.