Болат Өтемұратов Қазақстанның ең бай адамы атанды

1 наурыз күні жарияланған америкалық Forbes журналының жыл сайынғы рейтингіне сәйкес, Болат Өтемұратов ең бай қазақстандық деп танылды. Тізімде тағы 5 қазақстандық бар.

Өтемұратов Forbes рейтингінде 771 орынға тұрақтаған. Оның мүлкін журнал 2,3 млрд долларға бағалаған. Ал өткен жылы мүлкі 2,6 млрд доллар болған.

Қазақстандықтар арасында екінші орынды Тимур мен Динара Құлыбаевалар алған. Олардың мүлкі әр қайсысына 2 млрд доллардан бағаланып отыр. Бұл тізімдегі 906 орын. 2015 жылы олардың мүлкі 2,1 млрд доллар деңгейінде болған.

Бұдан бөлек, ең бай қазақстандықтардың бестігіне Әлижан Ибрагимов пен Владимир Ким кірген. Олар тізімде әр қайсысы 1,5 млрд доллар мүлікпен 1198 орынға тұрақтаған.

Тізімнің бірінші орнында әлемнің ең бай адамы ретінде америкалық IT-корпорациясы Microsoft-тың негізін қалаған Билл Гейтс тұр. Оның мүлкі 75 млрд долларға бағаланған. Ол рейтингте осымен 17 рет көш бастап тұр.

Әлемдегі ең бай ресейлік тұрғын Леонид Михельсон болып шықты. Ол рейтингте 14,4 млрд доллар мүлкімен 60 орынға тұрақтаған.

Дереккөзnur.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматыдағы “Шымбұлақ” тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды.

Қайрат Боранбаев сот алдындағы соңғы сөзін айтты

Бүгін елорданың Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаев соңғы сөзін сөйледі.

Қазгидромет тасқын қаупіне байланысты ескерту жасады

Қазақстанның төрт облысында өзендер тасып, су басу ықтималдығы бар. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады. 

Мемлекет басшысы елдегі туризм мәселесін көтерді

Үкімет пен парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Бұл туралы мемлекет басшысы VIII сайланған ҚР парламентінің бірінші сессиясында айтты.

Amanat партиясы мәжіліске өткен депутаттар тізімін жариялады

Amanat партиясынан мәжіліске кімдер өткені белгілі болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.