Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
Мемлекет басшысы сапар барысында қаладағы бірқатар инфрақұрылым нысанының жаңғырту жобасымен және құрылысымен танысады, — деп жазды ол.
Опубликовано Беріком Уәли Понедельник, 11 мая 2020 г.
Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаника бағын қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.