Енді мына санаттағы адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелері де коммунал қызмет үшін өтемақыға өтініш бере алады:
1) I, II, III топ мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) көпбалалы отбасылар;
5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.
Коммунал қызметтерді жергілікті бюджеттен өтеген жағдайда әкімдіктерге өтемақы алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау мүмкіндігі берілді.
Айта кетейік, елімізде карантин режимінде болған аймақтағы белгілі бір санатқа кіретін азаматтардың дербес шотына коммунал қызметтер үшін 15 мың теңге аударылады. Өтемақы сәуір мен мамыр айларында төленеді.