Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында коммунал қызмет тарифтері төмендетілді

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусым аралығындағы кезең бойынша коммунал қызметтердің тарифтерін төмендетті.

«Жетісу су құбыры» МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Талдықорған тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 м3 үшін, 61,36 теңгеден 56,45 теңгеге және сарқынды суды бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 м3 үшін 65,29 теңгеден 60,08 теңгеге дейін немесе тариф 8% төмендетілді.

«Талдықорғанжылусервис» МКК-ның жылумен жабдықтау қызметіне Талдықорған тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 2 826,82 теңгеден 2 544,14 теңгеге дейін және ыстық сумен жабдықтау қызметіне 1м3 үшін 183,29 теңгеден 164,97 теңге дейін немесе тариф 10% төмендетілді.

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның газбен жабдықтау қызметіне Алматы  облысы мен Алматы маңы аудандары тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 24,39 теңгеден 24,11 теңгеге дейін немесе 1,14% төмендетілді.

«Панфилов су құбыры» МКК-ның қызметтеріне Панфилов ауданы Жаркент тұрғындары үшін:

— сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 68,36 теңгеден 61,53 теңгеге дейін немесе тариф 10% төмендетілді.

«Ұйғыр су құбыры» МКК-ның қызметтеріне Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы тұрғындары үшін:

— сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 59,23 теңгеден 53,31 теңгеге дейін немесе тариф 10% төмендетілді;

— су бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 17,36 теңгеден 15,57 теңгеге дейін немесе тариф 10% төмендетілді.

«Теміржолсу Алматы» ЖШС-нің қызметтерін тұтынушыларының халық санаты үшін:

— жылумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 3 503,09 теңгеден 3 398,0 теңгеге дейін немесе тариф 3% төмендетілді;

— сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 55,15 теңгеден 53,49 теңгеге дейін немесе тариф 3% төмендетілді;

— су бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 16,78 теңгеден 16,27 теңгеге дейін немесе тариф 3% төмендетілді.

«Қапшағайжылу» МКК-ның жылумен жабдықтау қызметіне Қапшағай қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 3 079,85 теңгеден 2 833,47 теңгеге дейін немесе тариф 8% төмендетілді.

«Жылу жүйелері» ЖШС-нің жылумен жабдықтау қызметіне Өтеген батыр ауылының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде  жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1м2  үшін 1 070,05 теңгеден 979,09 теңгеге дейін немесе тариф 8,5% төмендетілді.

Чапаев ауылының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде жылу энергиясын есептейтін үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1 м2 үшін 1084,00 теңгеден 1 010,27 теңгеге дейін немесе тариф 6,8% төмендетілді.

«Тауекел-Н-Алғабас» ЖШС-нің газбен жабдықтау қызметіне Қарасай ауданының ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 29,37 теңгеден 28,79 теңгеге дейін немесе 1,34%-ға және Талғар ауданының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін 28,41 теңгеден 27,93 теңгеге дейін немесе тариф 1,69% төмендетілді.

«Тауекел-газ құбыры» ЖШС-нің газбен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1м3 үшін, 25,07 теңгеден 24,82 теңгеге дейін немесе тариф 1% төмендетілді.

«Жетісу газ құбыры» ЖШС-нің газбен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 м3 үшін 29,24 теңгеден 28,99 теңгеге дейін немесе 0,85% төмендетілді.

1 сәуірден бастап уақытша өтемдік тариф аяқталатын субъектілер «Сарқан су қыбыры» (67,99 теңге 1м3 суға және 28,16 теңге 1м3 сарқынды суға) және «Текелі су құбыры» МКК (43,37 теңге 1м3 суға және 30,54 теңге 1м3 сарқынды суға), «халық» тұтынушылар топ тарифі бойынша, 3 айға (30 маусымға) дейін департаментпен белгіленген уақытша өтемдік тарифпен жұмыс атқарады.

Сонымен қатар бұдан бұрын коммунал қызметтерді көрсететін барлық субъектіге төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммунал қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолданды.