Басты бетЖаңалықтарТамара Дүйсенова...

Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Тағайындау туралы жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Бұрын бұл қызметті Аида Балаева атқарған еді. Ол 4 мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Сарыағаш ауданы әкімі, Шымкент әкімі аппаратында жұмыс істеді, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Ұзақ жыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, министрліктің жауапты хатшысы болып қызмет етті. 2013-2018 жылдары осы ведомствоны басқарды.

2018-2019 жылдары Nur Otan партиясының хатшысы болды. 2019 жылдың шілдесінен бері «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті қызметін атқарды.