Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында:

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, — делінген.

Президенттің келесі жарлығымен Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматыда туған. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Джонс Хопкинс университетін және Тафтс университетін бітірген.

Еңбек жолын Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінен бастаған.

1999-2006 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының меңгерушісі, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып қызмет етті. 2006-2011 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, 2012-2018 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты, 2018-2019 жылдары Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2019 жылғы желтоқсаннан бері Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Еске салайық, 2 мамырда Президенттің жарлығымен Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылған еді.