Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Алматы облысында жемқорлыққа қарсы күрес онлайн кездесуде талқыланды

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде тікелей байланыс арқылы өткен жүздесуге 500-ден астам азамат қатысып, басшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін кеңінен талқылады. ҚР ҚПК 200-бабының тәртібі түсіндіріліп, Президент тапсырмасына сай, азаматтардың құқықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үнемі жүргізетінін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты — жемқорлық қылмыстарының салдарымен күресу емес, керісінше дер кезінде оның алдын алу. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Осыған байланысты бұл олқылықтармен күрес барынша  күшейтілді. Басты басымдық — профилактикалық жұмыстарға берілді. Оның ішінде полиция қызметі де бар, — деді аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ернар Мақажанов.

Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары полиция полковнигі Данияр Мендебаев жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бойынша түрлі шара кешені қабылданып жатқанын айтты.

Қылмыстық құқықбұзушылықтың барлық дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сай кінәлілер болса ішкі істер саласындағы қызметінен босатылады. Әрі  қарамағындағылардың қызметіне дұрыс бақылау жүргізбеген басшыларға тәртіптік шаралар қабылданып, тіпті атқарып жүрген қызметінен қуылады, – деді Данияр Мендебаев.

Тікелей  байланыс кезінде башылар қойылған әрбір сұраққа тиісті жауап берілді.