«Қазгидромет» кәсіпорнының хабарлауынша, сәуірдің соңғы күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Қостанай облысында кей жерде тұман түседі, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл тұрады, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді.
Ақмола, Қарағанды облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Нұр-Сұлтанда да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.
Жамбыл облысында кей жерде бұршақ жауады.
Түркістан облысында найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, дауыл тұрады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шымкентте де найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Павлодар облысында найзағай ойнайды.