Университет өкілдерінің хабарлауынша, директорлар кеңесі ректорлыққа кандидаттарды ұзақ уақыт қарастырып, Қайыржан Әбдіхалықовтың жоғары білім беру саласындағы менеджерлік тәжірибесін таңдаған.
Қайыржан Әбдіхалықовтың еңбек жолы білім беру жүйесімен тығыз байланысты — осы уақытта ол білікті менеджер және беделді ғалым ретінде танылды. Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің жаңа басшысы 37 жаста, ол — Орталық Азиядағы медициналық университет басшыларының ішіндегі ең жас ректор, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Қайыржан Әбдіхалықов — PhD, «Талантты жас ғалым» атағының үш мәрте иегері. Жаңа басшы жоғары білікті медицина мамандарын даярлаудың бірегей жүйесін құрамыз деп отыр.
Коронавирус пандемиясы медицина кадрларының тапшылығын айқын көрсетті. Еңбек нарығы да үздіксіз өзгеріп, денсаулық сақтау саласында коммуникацияға жауап беретін, медицина деректерін талдайтын, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік көмек бағдарламаларын ұйымдастыратын мамандарға және зертхана қызметкерлеріне сұраныс арта бастады. Біз бұл трендтерді айқын түсініп, халықаралық медициналық университет ретінде жоғары білікті кадрларды даярлаудың бірегей жүйесін құруға ниеттіміз, — деді Қайыржан Әбдіхалықов.
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті 2018 жылдан бастап алты мамандық бойынша бакалавр даярлауға бағытталған білім беру жүйесіне көшті. Сонымен қатар онда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру — резидентура, магистратура және докторантура бар.
Университет 1963 жылы Алматы медициналық зерттеулер мемлекеттік ғылыми институты (AGIUV) ретінде құрылған. 2014 жылғы мамырдан бастап Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті аталатын болды. Қазір мұнда 3000-нан астам студент біліп алады, арасында Үндістаннан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Шри-Ланкадан, Қытайдан, Ресейден және басқа да елдерден келген жастар бар.