Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Жапония шенеуніктері визадан босатылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Жапония мен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптан босату туралы ауызша нота алмасу рәсімі өтті.

«Бүгін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапарымен бір уақытта біз 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптан босату туралы ауызша  ноталармен алмастық. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандық дипломатияның экономикалық бағыттылығын күшейту бойынша тапсырмасы аясында Жапония ұлттық төлқұжат иелері үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз режім белгіленді. Бұл инвестиция, жаңа технологиялар, туризм саласындағы екі елдің бизнес-құрылымдары арасында іскерлік байланысты арттыруға ықпал етеді», — деді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.

ДереккөзҚазАқпарат