Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы орталық...

Алматыдағы орталық аурухана пациенті COVID-19-дан қайтыс болды

Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 60 жастағы азамат жүрек-өкпе ауруы мен кахексиясына (ағзаның қуаруы) байланысты 8 сәуірден бері орталық қалалық клиникалық аурухананың провизор бөлімшесінде емделіп жатқан. Ол 15 сәуірде қайтыс болды. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Алматыда бұл уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 393 адам тіркелді. Үш адам қайтыс болды, 60 адам жазылып шықты. Қазір жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустан 330 пациент емделіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада медицина қызметкерлері мен пациенттер коронавирусты жаппай жұқтырғаны хабарланды.