174 жағдайдың 58-і — науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандар. 110-ы — Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысшысы, екеуі — жедел жәрдем қызметінің, біреуі — Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының, біреуі — №32 емхананың, біреуі — №11 емхананың, енді біреуі — №1 емхананың қызметкері.
Медицина қызметкерлерінің екеуінің полисегментар пневмониясы болуына байланысты жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Науқастармен байланыста болған барлық адамды анықтап жатырмыз. Вирусты пациенттер жұқтыруы мүмкін, себебі оларға шұғыл медицина көмегін беру тоқтатылмады. Олардың арасында симптомсыз пациенттер болуы мүмкін. Бұл факт бойынша қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Медицина қызметкерлерін тексеру бойынша барлық шара қабылданып жатыр, — деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысының айтуынша, қазір қаланың клиникаларында эпидемияға қарсы шаралар күшейтілді, қызметкерлер коронавирусқа қарсы міндетті түрде тексеріледі.
Қазір стационарларда 295 пациент коронавирустан емделіп жатыр, жетеуінің жағдайы ауыр, 41-і орташа ауыр, 247-сі қанағаттанарлық жағдайда. Провизор орталықтарында 256 адам жатыр, оның 12-сі — бала, карантинде 366 адам, үйде 7 097 пациент оқшауланған, — деді Тілеухан Әбілдаев.
Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны көбейіп жатқаны бұған дейін хабарланғанын айта кетейік.
Бүгінге дейін Алматыда коронавирус барлығы 346 адамнан анықталып отыр.