Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирустан...

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 10-ға жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 10-ға жетті.

Алматыда коронавирус инфекциясынан бір науқас көз жұмды. Науқас 1963 жылы дүниеге келген, — деп хабарлады Coronavirus2020_kz Telegram-каналы.

Қайтыс болған адам коронавирусты науқастардан жұқтырған. 29 наурызда оны жедел жәрдем «екіжақты полисегмент пневмония» диагнозымен ауруханаға әкелген. Кейін одан коронавирус инфекциясы табылды. Науқастың анамнезінде екінші кезеңдегі қант диабетімен ауырғаны да жазылған. 1 сәуірде жағдайы нашарлаған соң дәрігерлер пациентті өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. Қарқынды емге қарамастан оның тынысалу, жүрек-қан тамырлары органдары мен бауыры жұмыс істемей, халі нашарлай түскен. Сағат 18.00-де науқастың жүрегі тоқтаған. Жарты сағат бойы жүргізілген реанимация шарасы нәтиже бермей, пациент 18.30-да жүріп кетті.

10 сәуірге қараған түні Алматыда 1956 жылы туған әйел адам қайтыс болған еді. Марқұмға «коронавирус инфекциясы, расталған жағдай, екіжақты полисегмент пневмония, ауыр ағымы, екіжақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы» деген диагноз қойылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайларының жалпы саны 808-ге жетіп отыр. Аурудан 64 адам айықты, 10 адам қайтыс болды. Коронавирус инфекциясы Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қызылорда облысында көп анықталды.