Басты бет Қоғам Карантин кезінде балаларға пайдасы тиетін челлендж басталды

Карантин кезінде балаларға пайдасы тиетін челлендж басталды

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі Instagram және Facebook желілерінде #ҮйдеҮйренеміз атты онлайн челленджді бастады. Мақсаты - ата-ананың балаларымен арадағы қарым-қатынасын нығайту, карантин кезінде әр отбасының көңіл-күйін көтеру. 

Иллюстрация: Dribbble.com/©Uran

Қазақстандағы танымал адамдар бір ай бойы өзгелерге карантиндегі оқшау жағдайды қызық та пайдалы өткізуге қажет кеңес, ойын, тапсырма ұсынады.

Балалар ойын арқылы үйренеді. Сондықтан ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі белгілі медиатұлғалардың және блогерлердің қатысуымен ата-аналарға арналған #ҮйдеҮйренеміз атты онлайн челлендж бастады. Бұл жоба ата-аналар мен балалардың бірлескен ойындары мен басқа да іс-шараларының қатарын кеңейтуге, ата-ана мен бала арасындағы байланысты жақсартуға, балалардың балабақша мен мектепке дайындалуына көмектесетініне сенімдіміз. Осылайша Қазақстанның әр азаматы бала қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуы үшін біз позитив тәрбие мәдениетін дамытуға, әкелерді бала тәрбиесіне араласуға ынталандырғымыз келеді, — деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

#ҮйдеҮйренеміз челленджінің алғашқы тапсырмасын ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі, белгілі шахматшы Динара Сәдуақасова жариялады.

Челленджге белгілі актер Санжар Мәди, жазушы Әсел Сапақова, блогерлер Альмира Орлова мен Айна Досмахамбетқызы, цирк артисі Мұрат Мұтырғанов, тележүргізушілер Әйгерім Есенәли мен Данияр Есен, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов, психолог Динара Болат, журналист Данияр Мусиров та қатысады. Олар 2020 жылдың 15 мамырына дейін бір-бірден күнара ЮНИСЕФ-тің Instagram мен Facebook парақшаларында және жеке парақшаларында ата-аналарға арнап пайдалы ойын түрін көрсетеді немесе басқа қызық тапсырма береді.

Ата-ана бұл бастамаға қосылуы үшін ұсынылған ойынды немесе тапсырманы балаларымен қайталап, оны видеоға түсіріп, өз парақшаларында пост немесе сториз ретінде жариялауы қажет. Ең бастысы — @Unicefkazakhstan тегін белгілеп, #ҮйдеҮйренеміз хештегін жазу керек. Онлайн челлендждің барлық шарасы Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Instagram және Facebook парақшаларында жарияланып отырады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version