Қазақстандағы танымал адамдар бір ай бойы өзгелерге карантиндегі оқшау жағдайды қызық та пайдалы өткізуге қажет кеңес, ойын, тапсырма ұсынады.

Балалар ойын арқылы үйренеді. Сондықтан ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі белгілі медиатұлғалардың және блогерлердің қатысуымен ата-аналарға арналған #ҮйдеҮйренеміз атты онлайн челлендж бастады. Бұл жоба ата-аналар мен балалардың бірлескен ойындары мен басқа да іс-шараларының қатарын кеңейтуге, ата-ана мен бала арасындағы байланысты жақсартуға, балалардың балабақша мен мектепке дайындалуына көмектесетініне сенімдіміз. Осылайша Қазақстанның әр азаматы бала қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуы үшін біз позитив тәрбие мәдениетін дамытуға, әкелерді бала тәрбиесіне араласуға ынталандырғымыз келеді, — деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

#ҮйдеҮйренеміз челленджінің алғашқы тапсырмасын ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі, белгілі шахматшы Динара Сәдуақасова жариялады.

Первое задание челленджа #УчимсяДома #ҮйдеОқимыз — сделать оригами своими руками вместе с вашим ребенком. Оригами развивает у детей мелкую моторику, приучает пальцы к точным движениям, учит пространственному воображению в игровой форме. На видео наш Посол Доброй Воли Динара Садуакасова показывает, как легко можно сделать цветок с помощью бумаги и резинки. Вы также можете использовать цветную бумагу, чтобы ваш совместный шедевр еще больше радовал ваши глаза.Повторите это дома вместе с вашим ребенком! Этот процесс заслуживает того, чтобы запечатлеть на видео и выложить его у себя в ленте или сториз. Обязательно отметьте @unicefkazakhstan и хэштэги #УчимсяДома #ҮйдеОқимыз.Ждем ваши шедевры! ????Біздің #ҮйдеОқимыз челленджіміздің бірінші тапсырмасы — балаңызбен бірге өз қолыңызбен оригами жасау. Оригами балаларда моториканың жақсы дағдыларын дамытады, саусақтарды дәл қимылға үйретеді, кеңістіктік қиялдауды ойын түрінде үйретеді.Бейнеде біздің Ізгі Ниет Елшіміз Динара Садуакасова қағаз бен резеңке арқылы қалай гүлді оңай жасауға болатындығын көрсетеді. Гүлді түрлі-түсті қағаздан жасап оны одан да құлпырта аласыз.Осы гүлді балаңызбен бірге қайталап жасап көріңіз!Бұл процессті бейнеге түсіріп, өз парақшаңызға немесе сторизге салыңыз. @Unicefkazakhstan мен #ҮйдеОқимыз хэштегтерің жазуды ұмытпаңыз.Сіздің өнер туындыларыңызды күтеміз! ?

Опубликовано UNICEF_Kazakhstan Понедельник, 6 апреля 2020 г.

Челленджге белгілі актер Санжар Мәди, жазушы Әсел Сапақова, блогерлер Альмира Орлова мен Айна Досмахамбетқызы, цирк артисі Мұрат Мұтырғанов, тележүргізушілер Әйгерім Есенәли мен Данияр Есен, кәсіпкер Рамиль Мухоряпов, психолог Динара Болат, журналист Данияр Мусиров та қатысады. Олар 2020 жылдың 15 мамырына дейін бір-бірден күнара ЮНИСЕФ-тің Instagram мен Facebook парақшаларында және жеке парақшаларында ата-аналарға арнап пайдалы ойын түрін көрсетеді немесе басқа қызық тапсырма береді.

Ата-ана бұл бастамаға қосылуы үшін ұсынылған ойынды немесе тапсырманы балаларымен қайталап, оны видеоға түсіріп, өз парақшаларында пост немесе сториз ретінде жариялауы қажет. Ең бастысы — @Unicefkazakhstan тегін белгілеп, #ҮйдеҮйренеміз хештегін жазу керек. Онлайн челлендждің барлық шарасы Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Instagram және Facebook парақшаларында жарияланып отырады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!