Ұжым бұған дейін аурухана басшылығынан еңбекақы, сыйақы, басқа да ынталандыру төлемін төлеуді, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтуды, қала сыртында тұратын жұмысшылардың карантин кезінде қала аумағында тұруына жағдай жасауды талап еткен.
Ержан Бабақұмаров аурухана қызметкерлері айтқан барлық мәселені тыңдады. Кездесуде медбикелер, травматолог дәрігерлер, дәрігер-сарапшылар және басқалар ұсынысын айтты.