Басты бет Жаңалықтар Қазақстандағы коронавирус жұқтырған 11 науқас ауыр жағдайда

Қазақстандағы коронавирус жұқтырған 11 науқас ауыр жағдайда

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан науқастардың 11-і ауыр жағдайда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингіде айтты. 

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

3 сәуір, сағат 16.00-дегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 453 жағдайы тіркелгені белгілі. Оның ішінде 29 адам ауруханадан шықты, үш адам қайтыс болды.

Ауру жұқтырып, емделіп жатқан науқастардың ішінде 11 адамның жағдайы ауыр, бір адамның жағдайы өте ауыр, 68 адам орташа ауыр жағдайда, 341 адамның ауруы жеңіл деңгейде, яғни симптомы жоқ, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясының бірінші жағдайы тіркелгелі бері науқастармен қарым-қатынас жасаған 13 467 адам анықталды. Оның 442-сі қазір шетелде, елдегі адамдар стационарлар мен үйдегі карантинге жатқызылып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version