Басты бет Жаңалықтар Қазақстан азаматтарынан коронавирус анықталды

Қазақстан азаматтарынан коронавирус анықталды

Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды. Олар Германиядан келген. 

Фото: Айгүл Хожантаева

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Өздеріңізге мәлім, 3 айдан бері біз, Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясының Қазақстанға енуіне жол бермеу бойынша көп шараны іске асырдық, көп жұмыс істелді, бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Алматыдағы зертхана бүгін Германиядан келген екі азаматтың коронавирус жұқтырғанын растады. Бас санитар дәрігердің қаулысымен бұл пациенттер Алматыда карантин стационарына жатқызылды. Барлық шара біз бұрын қабылдаған алгоритм бойынша қолға алынып жатыр. Қазір пациенттердің жағдайы жақсы, — деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, коронавирус жұқтырғандар — 1974 жылы туған ер адам мен 1984 жылғы әйел адам. Бірі 9 наурызда 73 жолаушымен бірге, екіншісі 12 наурызда 12 жолаушымен бірге ұшып келген. Олардың бәрі анықталып, карантинге жатқызылады.

Коронавирус инфекциясына қатысты барлық ақпаратты «1406» нөмірі бойынша call-орталықтан алуға болады.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады. Қазақстанда арнайы сақтық шаралары қолға алынды. Бұған дейін Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшин ғалымдардың болжамы бойынша коронавирус инфекциясы Қазақстанға наурыздың 11-16-сы аралығында келуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

https://baribar.kz/124822/qazaqstanda-taghy-bir-azamat-koronavirus-zhuqtyrghany-rastaldy/?preview_id=124822&preview_nonce=9bed1adacf&post_format=standard&_thumbnail_id=121403&preview=true

https://baribar.kz/124838/qazaqstannynh-koronavirus-zhuqtyrghan-toertinshi-azamaty-germaniyada/

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version