21.40-тағы мәлімет:

Тағы төрт науқастар тіркелді: Нұр-Сұлтанда үш, Маңғыстау облысында бір адам.

Коронавирус жұқтырғаны расталғандар саны 464-ке жетті. Аурудан айыққандар саны — 29. Қайтыс болғандар саны — 3.

Өңірлер бойынша эпидемиология ахуалы:

Нұр-Сұлтан — 202;

Алматы — 93;

Шымкент — 11;

Ақмола облысы — 19;

Ақтөбе облысы — 7;

Алматы облысы — 9;

Атырау облысы — 20;

Шығыс Қазақстан облысы — 4;

Жамбыл облысы — 8;

Батыс Қазақстан облысы — 2;

Қарағанды облысы — 22;

Қызылорда облысы — 26;

Маңғыстау облысы — 2;

Павлодар облысы — 1;

Солтүстік Қазақстан облысы — 18;

Түркістан облысы – 19;

Қостанай облысы — 1.

18.10-дағы мәлімет:

Елімізде коронавирус инфекциясы тарамаған өңір қалмады. Қостанай облысында алғашқы науқас тіркелді. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында бір, Жамбыл облысында екі, Түркістан облысында үш, Қостанай облысында бір жаңа дерек есепке алынды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 460 болды.

Бүгін аурудан айыққандардың қатары 29 адамға жетті.

Қайтыс болғандар саны үшеу екені бұған дейін хабарланды.

14.00-дегі мәлімет:

Коронавирусты тағы бес адам жұқтырғаны анықталды: Алматыда екі адам, Солтүстік Қазақстан облысында үш адам.

Науқастардың жалпы саны 453-ке, аурудан айыққандар саны 29-ға жетті. Қайтыс болғандар саны — 3.

12.00-дегі мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы төрт адам тіркелді: Қарағанды облысында бір, Солтүстік Қазақстан облысында бір, Түркістан облысында екі науқас.

Қазақстан бойынша анықталған жағдайлардың жалпы саны 448-ге жетті.

10.50-дегі мәлімет:

Аурудан айыққандардың қатары тағы бір адамға көбейді. Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 12 адам жазылып отыр.

09.40-тағы мәлімет:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы тоғыз адам тiркелдi: Солтүстік Қазақстан облысында үш адам, Атырау облысында бір адам, Түркістан облысында үш адам, Ақтөбе облысында екі адам.

Елімізде расталған жағдайлардың жалпы саны 444 болды.

Бұл кезге дейін аурудан 27 адам айыққаны белгілі: Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 11 адам. Қайтыс болған науқастардың саны — 3.

3 сәуірдің алғашқы минуттарында Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 435 болған еді.