Мемлекет төтенше жағдай кезінде кімге тегін азық-түлік береді?

Мұндай көмек халықтың мынадай тобына тиесілі:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6-18 жас аралығындағы балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрмайтын мүгедектігі бар 16 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрмайтын I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған азаматтар;
  • жергілікті органға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар.

Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бері шамамен 180 мың адамға азық-түлік пен тұрмыс бұйымдары берілген.

Көмек алушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.