Telegram-бот жуық арада іске қосылады. Әлеуметтік төлем алуға өтініш беру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:
1-қадам: Telegram-ға кіріп, EgovKzBot2.0 ботын іздеп табу;
2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу» қызметін таңдау;
3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажет деректі толтырып, жіберу.
4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпарат жүйесіне келіп түседі, дерек бір күн ішінде тексеріледі (бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің өтініші тексерусіз қабылданады);
5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Е-Макет» ақпарат жүйесіне бір күн ішінде түседі;
6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жібереді;
7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі.
Төлем өтініш берушінің банк шотына аударылады.