Бұл бренд Қазақстанға келгелі бері осымен екінші рет визуал концепциясын өзгертіп отыр. 2014 жылы Slando.kz сервисі халықаралық OLX Group группасына қосылып, OLX.kz брендіне ауысты. Қазіргі уақытта ОLX.kz – Қазақстандағы ірі хабарландыру сервисі. Платформаға ай сайын 8,5 миллион адам кіреді.

OLX неге өзгеріп кетті?

Енді сервис ребрендинг жасап отыр. OLX қазақстандықтарға бұрынғыдан да тиімді қызмет ұсынуды, кез келген мәселенің шешімін табуға көмектесетін платформаға айналуды көздейді. Мамандар сервистің мыңдаған адам үшін маңызды роль атқаратынын ескере отырып, алдағы өзгерістердің сіздің ақылды таңдау жасауыңызға көмектесуін қалады. Енді ОLX-ті қайдан ашсаңыз да – смартфоннан, компьютерден немесе планшеттен – «ақылды таңдау» жасау бұрынғыдан да оңай болды.

Olx

OLX әр қолданушысының өзі арқылы мәселенің шешімін тапқанын, өмірін барынша жеңілдеткенін, қызық әрі жағымды эмоцияларға толы болғанын қалайды. «Заттарға толы сайт» деген шеңберден шығып, адамдарға шешім ұсынатын платформаға айналуды мақсат етеді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, OLX-тен қалаған нәрсені табуға, сатуға, сатып алуға болады: заманауи автокөлік, қолайлы жұмыс, сәнді кроссовка, жайлы пәтер, қажет қызметтер және тағы басқалары.

Қазір брендіміздің өмірінде маңызды сәт туып тұр — енді ол басқаша: жарқын, өңді, тартымды болады. Тұтынушыларымыз бізбен бірге қалады, жаңарған үлгідегі брендімізді қабылдайды және бізге деген сенімдері артады деп үміттенеміз. OLX.kz түбегейлі өзгермейді: ОLX.kz-пен бірге одан да көп қазақстандық өмірін жақсартуы үшін сервисіміздегі концептуал және визуал тұғырымызды өңдеп, тұтынушылық тәжірибемізді жақсарттық, — дейді OLX Қазақстанның бас директоры Елена Ким.  

Жаңа логотип

Көп нұсқаның ішінен өзіңе керегін таңдау. Бұны OLX-тің негізгі ерекшелігі деуге болады. Дәл осы ұғым жаңа логотиптің мазмұнына енген. Логотип көп таңдаудың iшiнде ақылды таңдау жасау дегенді бiлдiредi. Ол OLX-тен сирек кездесетін, ерекше, қажет заттар мен қызметтерді табуға болатынын, платформаның әмбебап екенін байқатады, ұғындырады.

Жаңарған мобильді қосымша

Жаңарған мобильді қосымша жарқын түсімен және заманауи интерфейсімен ғана ерекшеленбейді. Алаңдамасаңыз болады, бұл – сол баяғы өзіңіз үйреніп қалған ОLX. Хабарландыруыңыз мен хаттарыңыз орнында қалды. Команда оны тек көзіңіз бен қолыңызға ыңғайлы болатындай етіп өзгертіп қойды:

  • қолдану оңай бола түсті. Ыңғайлы панель телефондағы хабарламадан, хабарландырудан және профиль арасынан жылдам ауысуға көмектеседі;
  • жылдамырақ болды. Енді табылған нәтижелерді іздеу парақшасынан бірден іріктей аласыз;
  • ыңғайлана түсті. Енді хабарламадағы фото орнында ешқандай фото атауы болмайды. Тек фотоның өзі тұрады.

Жаңа OLX-ті көру үшін Olx.kz-ке кіріңіз немесе Android және iOS жүйесінде мобильді қосымшаның кейінгі нұсқасын жүктеп алыңыз, жаңартыңыз.

OLX-тегі сандар

«Адамдар — OLX-тің жүрегінде». Бұл — OLX командасының ұстанымы. Команда платформа қолданушылары оны ерекше етіп келе жатқанын ескеріп, әр нәрсеге жіті мән беруге тырысты.

Өміріңізді жақсартатын, кез келген мәселеңіздің шешімін табуға болатын ортаны қалыптастырдық деп үміттенеміз, — дейді OLX.

600 000

отбасы

olx

Сервис 6 жыл ішінде “Тегін беремін” категориясы арқылы 600 000 отбасыға көмек берді. Бұл отбасылар басқаға жақсылық жасауды қалаған 100 000 қолданушыдан қажет тауарын тегін алды.

870 000 бос жұмыс орны туралы хабарландыру түрлі бизнес өкіліне қызметкер табуына, сәйкесінше қазақстандықтардың жұмысқа орналасуына себеп болды.

870 000

бос жұмыс орны

3 000 000

қазақстандық

Қазақстанның 3 миллион азаматы Olx.kz арқылы жеке бизнесін дамыта бастады. Олар жақындарына ғана емес, ел экономикасының көтерілуіне де себепкер болды.

300 000 отбасы жылжымайтын мүлік сатып алды. 3,5 миллион азамат сервис арқылы өзіне қажет қызмет алды.

300 000

отбасы

350 000

келісім

Қазақстанның 3 миллион азаматы Olx.kz арқылы жеке бизнесін дамыта бастады. Олар жақындарына ғана емес, ел экономикасының көтерілуіне де себепкер болды. Тек 2019 жылдың өзінде ғана ай сайын 350 000 келісім/хабарландыру жабылып отырды.

Бұл сандар әр 2 секунд сайын өзгеріп жатыр. Енді OLX те ақылды таңдау жасады. Команда кейінгі бірнеше ай бойы ыңғайлы және замануи OLX-ті жасап шығу үшін бар күшін жұмсады. Әрине, қолданушыға барынша қолайлы ету үшін. Сонымен, жаңа OLX-ті өзіңіз сынап көріңіз. Ол үшін мына сілтемені басыңыз — Оlx.kz.

 
МАТЕРИАЛ OLX ҚОЛДАУЫМЕН ЖАСАЛҒАН

  • Мақалада
  • OLX