29 наурызда сағат 11.30-да
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 22 адам тiркелді: Нұр-Сұлтанда 16 адам, Алматыда төрт адам, Атырау облысында бір адам, Қызылорда облысында бір адам.
29 наурызда сағат 14.40-та
Нұр-Сұлтанда тағы 11, Алматыда үш жағдай тіркелді.
29 наурызда сағат 16.35-те
Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырудың екі жағдайы тіркелді. Өңірде инфекция алғаш анықталып отыр.
29 наурызда сағат 17.55-те
Нұр-Сұлтанда тағы төрт адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
29 наурызда сағат 23.30-да
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам тiркелді — Нұр-Сұлтанда бір адам, Алматыда үш адам, Атырау облысында 6 адам, Алматы облысында екі адам.
30 наурызда сағат 00.20-да
Ақтөбе облысында бір жағдай тіркелді.
Қазақстан бойынша науқастардың жалпы саны 284 болды.
Нұр-Сұлтан — 167;
Алматы — 70;
Шымкент — 2;
Ақмола облысы — 6;
Ақтөбе облысы — 2;
Алматы облысы — 6;
Атырау облысы — 12;
Шығыс Қазақстан облысы — 2;
Жамбыл облысы — 3;
Батыс Қазақстан облысы — 2;
Қарағанды облысы — 7;
Қызылорда облысы — 2;
Маңғыстау облысы — 1;
Павлодар облысы — 1;
Солтүстік Қазақстан облысы — 1.
Республика бойынша аурудан жазылғандардың саны — 20. Нұр-Сұлтанда 13, Алматыда жеті адам ауруханадан шықты.
Бір адам коронавирус құрбаны болды.