Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы науқастар туралы ақпарат

28 наурызда Семейде коронавирус жұқтырудың алғашқы екі жағдайы расталған.

Әкімдіктің мәліметінше, ерлі-зайыпты 21 наурызда Мысырдағы демалыстан Шарм-эш-Шейх — Нұр-Сұлтан рейсімен елге оралған. Астанадан Семейге өз көлігімен жеткен. Олармен бірге отбасының тағы бес мүшесі болған.

2020 жылғы 28 наурызда жүргізілген анализ төртеуінің коронавирус жұқтырмағанын көрсетті. Бір адамның анализі зерттеліп жатыр. Осы отбасымен байланыста болған тағы бір адам анықталып, оның да анализі тексеруге алынды.

Қазіргі таңда төрт адам провизор стационарға оқшауланған, қалған төртеуі карантин стационарында.

Коронавирус анықталған екі науқастың өкпесі қабынған. Олардың жағдайын дәрігерлер «тұрақты орташа ауыр деңгейде» деп отыр.

Жедел жәрдем бригадасы оларды стационарға арнайы капсулалармен жеткізген.
Қазір олардың үйіне дезинфекция жасалып жатыр.