Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда қанша адам коронавирустан айықты?

Қазақстанда қанша адам коронавирустан айықты?

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 15 адам сауығып шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

28 наурызда Нұр-Сұлтандағы жұқпалы аурулар ауруханасынан 12 пациент шығарылды. Қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, олар стационарда 16-17 наурыз аралығында емделген.

Жазылғандардың бәрі коронавирус инфекциясын анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасы бойынша толық емделген. Емнен кейін анализі араға 24 сағат салып екі мәрте тексерілген. Ауру анықталмаған бұл адамдар енді 14 күн бойы үйде дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда үш адам коронавирустан жазылғаны хабарланған еді. Бір адам қайтыс болды.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 204-ке жетті

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version