Екі емделуші коронавирустан жазылды, қазір олар соңғы тексеру анализдерін тапсырып жатыр, ауруханадан ертең шығады, — деді Дәурен Абаев.
Дәурен Абаев Үкіметтің және барлық Қазақстан азаматының атынан медицина және Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлеріне алғыс айтты.
Бұл — біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние деп осыны айтуға болады. Бұл — ең әуелі дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі. Кез келген маман үшін ең бастысы — өз еңбегіңнің нәтижесін көру. Сол нәтиже үміт пен қуат береді, — деді ол.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 80 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан бойынша 41 адам, Алматыда 31 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.